Алматы қаласы Білім басқармасының
«№111 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2770362
Есепші бөлімі:
+7(727) 2772029
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Озық тәжірибелерді қолдану арқылы оқыту сапасын арттыру » тақырыбында аудандық семинар
11
желтоқсан
2024

«Озық тәжірибелерді қолдану арқылы оқыту сапасын арттыру » тақырыбында аудандық семинар


    "№111 Гимназия" КММ-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында Әуезов ауданының түкпір-түкпірінен жас және тәжірибелі қазақ тілі мұғалімдерін жинаған «Озық тәжірибелерді қолдану арқылы оқыту сапасын арттыру » тақырыбында  семинар өтті. Семинар барысында қонақтар мұғалімдер Әлия Қастайқызы Құсайынова, Анар Сайранбекқызы Қанайбекова, Роза Серікбайқызы Есімбекованың қазақ тілі сабақтарына қатысты. Онда қатысушылар оқытудың интерактивті әдістерін, сабақтарда жасанды интеллектті қолдану элементтерін, Қазақстанның тілі мен мәдениетін тереңірек түсінуге ықпал ететін пәнаралық байланысты көрді.Қатысушылар балалардың мемлекеттік тілді меңгеруге деген ұмтылысы мен қабілетін атап өтті.
    Маңызды мерейтойлық іс-шараларға ерекше назар аударылды. Семинар бағдарламасы аясында мектеп оқушылары қазақтың көрнекті ақыны және жазушысы Бердібек Соқпақпаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған және қазақ ойшылы, философы, ақыны Шәкәрім Құдайбердіге арналған "Ақын өмірі-ұлағат" театрландырылған қойылымдарын көрсетті. Оқушылар көрермендерді сөз шеберлерінің шығармашылығына баулу арқылы өздерінің актерлік шеберліктерін көрсетті. Сондай-ақ, балалар семинарға қатысушылардың алдында Тәуелсіз Қазақстан мен туған өлкеге арналған қазақ және орыс тілдеріндегі өз шығармаларының оқыды. 
   Семинар білім беру ортасында қазақ тілін дамыту бойынша идеялармен алмасу және одан әрі қадамдарды жоспарлау алаңына айналды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: