23
желтоқсан
2025
Декада казахского языка
Қазақстан Тәуелсіздігі мерекесіне орай мектебімізде қазақ тілі апталығы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Ұлт рухын асқақтатып, ана тіліміздің мәртебесін арттыруға бағытталған бұл апталыққа мұғалімдер мен оқушылар белсене қатысып, ерекше ынта мен жауапкершілік танытты.Апталық аясында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Әди Шәріпов пен ұлы ақын Абай Құнанбайұлының мерейтойларына арналған тағылымды іс-шаралар өткізілді. Оқушылар ұлы тұлғалардың өлеңдерін мәнерлеп оқып, сахналық қойылымдар арқылы олардың өмірі мен шығармашылығын насихаттады. Әрбір өнер көрсетілімінде туған елге деген сүйіспеншілік пен рухани құндылықтарға деген құрмет айқын сезілді.
Сонымен қатар, мазмұнды ашық сабақтар ұйымдастырылып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін танытатын сурет көрмесі өтті. Апталық барысында ана тіліміздің байлығы мен көркемдігі кеңінен насихатталып, жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға зор ықпал етті.
Қазақ тілі апталығы – тәуелсіз елдің тірегі болған тілдің құдіретін ұлықтаған, рухани жаңғыруға бастайтын тағылымды мереке болды.